Жамбыл жаңалықтар

Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев Жамбыл облысына іс-сапармен келді

Жұмыс сапары 2 күнге жоспарланған

Президенттің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Жамбыл облысына іс-сапарымен келді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Алдымен Президент кеңесшісі М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің оқытушыларымен және студенттерімен кездесіп, ҚР Президентінің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндірді.

Бұдан соң, «Бақытты болашақ» оқушылар сарайының жұмысымен танысты.

Сонымен қатар, Жамбыл облысының педаготеріне ҚР Президентінің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттерін жеткізді.

Мәлік Отарбаев ертең Меркі ауданында болады. Ақорда өкілі мұнда Қордай, Шу, Мойынқұм ұстаздарына Жолдаудың басым бағыттарын насихаттайды.