«Әр итке 5 мың теңге». Жамбылда жабайы иттерді кастрациялаудың бағасы қанша
Жамбыл ауданында жыл басынан бері 817 ит-мысық ұсталған
«Жамбыл облысының ветеринариялық қызметі» Жамбыл аудандық бөлімнің басшысы жабайы иттер қанша теңгеге кастрацияланатынын айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Төрехан Қойлыбаевтың сөзінше, қаңғыбас иттердің әрбірін кастрациялау үшін мемлекет тарапынан 5 мың теңге бөлінеді. Өткен жылы Жамбыл ауданында 131 ит ауланса, оның 55-і чиптелген. Сонымен қатар, 49 бұралқы піштірілсе, 27 ит стерилизациядан өткен. Осы орайда маман стерилизация мен кастрацияның айырмашылығына тоқталды.
Сондай-ақ маман биыл ауданда 817 ит-мысық ұсталып, жойылғанын атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін біз Таразда қаңғыбас иттерді қамайтын орынға 40 млн теңге қарастырылғанын жазғамыз.