«Әр туристен 30 мың теңге түседі». Жамбылда экотуризм қалай дамып жатыр
Жамбылға қызғалдақтарды көру үшін биыл 2 мың турист келген
«Тараз-Туризм» туристік ақпараттық орталығының директоры Маханбет Рахымжановтың сөзінше, Жамбылға экотуризм арқылы биыл 2 мың турист келген, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Жамбылда атақты қызғалдақтарды көру үшін келетіндер көбейе түсті. Өткен жылы қызғалдақтар үшін аймаққа 1400-ге жуық турист келсе, биыл олардың саны екі мыңнан асты. Маманның сөзінше, аймақтағы экотуризмның әлеуетін арттыру үшін қолға алынған жұмыстар бар.
Маханбет Рахымжановтың сөзінше, Жамбылға келген бір турист шамалап алғанда екі күнде 30 мың теңге жаратады. Сол үшін осы салаға бөлінген азғантай қаражат жыл сайын мемлекетке 4-5 еселеп қайтады екен. Сол үшін туризм саласының әлеуетн арттыру маңызды. Бірақ, Жамбылда туристік орындарды жарнамалау үшін қаржы бөлінбейді. Билік аймақтың әдемі жерлерінде түсірілген туындыларға иек артады.