Ревакцинация – індеттен сақтанудың негізгі жолы
Ревакцинация – індеттен сақтанудың негізгі жолы
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте тұрғындарды ревакцинациялау мәселесі қаралды.
Аймақ басшысы бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтуді, балалар мен жүкті және бала емізетін әйелдерді «Pfizer» екпесімен қамту шараларын жеделдетуді тапсырды.
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев өңірдегі эпидемологиялық жағдай тұрақты екенін тілге тиек етті. Оның айтуынша, ағымдағы жылдың 20 қарашасы мен 21 желтоқсан аралығындаауырған адамдардың саны айтарлықтай азайған. Облыс бойынша аурушаңдықкөрсеткіші 49 пайызға төмендеген.
Тұрғындарға екпе салу жұмысының бірінші кезеңі аяқталды деген басқарма басшысыендігі 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер, жүкті әйелдер және бала емізетін әйелдердің «Pfizer» вакцинасымен қамтылу барысын, ревакцинацияға сәйкес вакцинаның 2 турын алған тұрғындардың жайын жан-жақты баяндады.
Әсет Қалиев «Pfizer» вакцинасымен қамтылу деңгейі Тараз қаласы мен Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов, Мойынқұм, Шу аудандарында төмен екенін, облыс бойынша 22 мың 286 тұрғын ревакцинациялаудан өткенін, пайыздық қамтылу деңгейі 21,8 пайызды құрағанын тілге тиек етті.
Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Байділдә Шыналиев мобильдік топтардың жұмысына тоқталды.
Облыс әкімі өзінің орынбасары Алмас Мадиевке мобильдік топтардың жұмысын жандандыруды тапсырды.
Бердібек Сапарбаев Мемлекет басшысының және өзге де тапсырмалардыңорындалуы үшін жедел әрі жүйелі жұмыс жүргізу керектігін баса айтты.
Бұдан соң жиында «Асарлатып үй салу», «Жомарт түлек», «Мейірім» секілді өңірдежүзеге асып жатқан жобаларға қатысты зерделеу жұмыстарының нәтижесі қаралды. Бұл жөнінде облыс әкімі аппаратының басшысы Расул Медетов баяндама жасады.
Өз сөзінде аппарат басшысы жобалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар халықтың оң бағасына ие болғандығын жеткізіп, бірқатар кемшіліктер де жоқ еместігін ашып айтты.
Облыс әкімі жауаптыларға барлық жұмыстарды бақылауға алуды тапсырды