Сәулет-құрылыс қызметі әдбен қағазбастылыққа көмілген- Тоқаев
Сәулет-құрылыс қызметі әдбен қағазбастылыққа көмілген- Тоқаев
Сәулет-құрылыс қызметі әдбен қағазбастылыққа көмілген. Бұл жайында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты. «Ұлттық экономика құрылымында құрылыс секторы маңызды орынға ие. Осы сала ішкі жалпы өнімнің 5-6 пайызын береді. Жанама салалар қосылса, бұл көрсеткіш одан да көп. Бүгінде Қазақстандағы сәулет-құрылыс қызметін реттейтін 2,5 мыңнан астам құжат бар. Бұл жүйе әдбен қағазбастылыққа көмілген. Жемқорлық аз емес. Ескі құрылыс стандарттары мен нормалары әлі қолданылады», - деп атап өтті Мемлекет басшысы. Осы орайда бізде , Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Қарабалаев Айтқазы Дәулетқұлұлына Сәулет және қала құрылысы саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы тілдестік. Елді мекендердің бос жоспар жобаларына түзету енгізу бойынша: Қазақстан Республикасының 2001 жылғы «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 16 шілдедегі №242 Заңының 47 бабына сәйкес, елдi мекендердiң аумақтарын дамыту және оған құрылыс салу белгiленген тәртiппен бекiтiлген бас жоспарлар негiзiнде жүзеге асырылады. Жамбыл облысы бойынша 371 қала мен елді мекеннің қала құрылысы жобаларымен қамтамасыз етілген. Елді мекендердің қала құрылысы жобаларына қажеттілігіне қарай түзету енгізу жұмыстарын жүргізу үшін, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық іcтepі комитетімен келісу арқылы 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасы бекітіліп, 2023 жылға жалпы 31 елді мекен жоспарға енгізілді. Оның бірі, Тараз қаласының 2010 жылы бекітілген бас жоспар жобасына түзету енгізу жұмыстары 2021 жылы басталып, жобалаушы мекеме «Қолдау» ЖШС тарапынан жобалау жұмыстары аяқталып, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық іcтepі комитетіне кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу үшін ұсынылып, қорытынды сараптама алынды. Бүгінгі күнде, қаланың бас жоспар жобасын бекіту үшін ҚР Үкіметінің қаулы жобасы әзірленіп, Үкіметке бекітуге ұсынылды.. Аудандар бөлінісі бойынша: Байзақ ауданы – Сарыкемер ауылының (егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы); Т.Рысқұлов ауданының - Өрнек, Жақсылық, Қазақ, Тасшолақ, Жалпақсаз, Қарақыстақ елді мекендері; Меркі ауданының - Мыханды, Тұрлыбай батыр, Сыпатай, Мыңқазан, Қазах Дихан, Ойтал елді мекендері бойынша жобалау жұмыстары аяқталып, бекіту жұмыстары жүргізілуде. Жамбыл ауданы – Тастөбе, Құмтиын, Қоңыртөбе, Жаңаөткел, Бәйтерек, Шоқай, Ащыбұлақ, Ерназар елді мекендері; Қордай ауданы – Масаншы, Бәйтерек, Шарбақты елді мекендері; Сарысу ауданы – Жаңатас қаласының бас жоспар жобасы, және (Бүркітті және 5 «А» тұрғын алқаптарының егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына); Мойынқұм ауданы – Хантау, Құмөзек, Қарабөгет елді мекендері; Талас ауданы – Көшек батыр ауылының оңайландырылған сызбаларына жобалау жұмыстары атқарылуда. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу бойынша: Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2018-2021 жылдары аралығында облыс бойынша мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру және жүргізу Іс-шара жоспарына сәйкес, Тараз қаласы мен аудан орталықтарындағы (19 105 га) құрылысы салынған аумаққа инженерлік инфрақұрылым жүйелеріне ізденіс (түгендеу) жұмыстары жүргізілді. «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» Ұлттық жобасын іске асыру бойынша 2022 жылы халық саны бес мыңнан жоғары елді мекендердің құрылысы салынған жер көлемі 4 886 га аумақтың инженерлік жүйелеріне түгендеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен қаражат бөлу жұмыстары жүргізіліп аяқталған болатын. 2023 ж халық саны бес мыңнан жоғары елді мекендердің құрылысы салынған жер көлемі 6011,95 га аумақтың инженерлік жүйелеріне түгендеу жұмыстары аяқталып, «Мемлекеттік қала құрылысы кадастры» РМК Жамбыл облысы филиалына өткізу жұмыстары жүргізілуде. Тараз қаласының инженерлік желілерін түгендеу (3327га) жұмыстарын жыл соңына дейін толық орындалатын болады. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры ғимараттар мен құрылыстарды, инженерлік-көліктік коммуникацияларды қоса жер бетінде, жер үстінде және жер астында орналасқан барлық жылжымайтын мүлік және инфрақұрылым обьектілері туралы мәліметтерді тіркеудің, сақтаудың және ұсынудың бірыңғай жүйесін қамтиды. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі сәулет, қала құрылысы, құрылыс жұмыстарының ашықтығын қамтамасыз етуге, инфрақұрылымға қолжетімділік, инженерлік коммуникацияларға қосылу мүмкіндіктері туралы халыққа және бизнеске қажетті ақпаратты ұсынуға мүмкіндік береді. Елді мекендердің бас жоспарларын цифрландырып, Геопорталға енгізу. Облыстың «Өңірлік геоақпараттық жүйесі» 2020-2021 жылдары аралығында e-jambyl.kz домендік атаумен қалыптастырылып, онда бірыңғай талапқа сай барлық базалық гис-қабаттар енгізілді, яғни тұрғындар үшін геопорталдың ашық картасына 160-тан астам және қызмет бабында пайдалану үшін геопорталдың электрондық кезекші картасына 367-ден аса картографиялық деректер енгізілді. Платформаны қалыптастыру жұмыстары «КАЗГИСА» ЖШС тарапынан жүргізілген болатын. Облыс бойынша барлығы 371 елді мекеннің 12-нің қала құрылысы жобаларын цифрландыру жұмыстары «КАЗГИСА» ЖШС тарапынан 2020 жылы жүргізілген болатын. 2023 жылы қалған 359 елді мекеннің бас жоспарларын цифрландыру жоспарланған болатын, соның ішінен бүгінгі күнге 355 елді мекеннің жобалары Геопорталға енгізілді. Қалған 4 елді мекеннің бас жоспарларын цифрландыруды аяқтау 2023 жылдың қараша айының соңына көзделіп отыр. 1 елді мекен, Талас ауданы Көшек батыр ауылының оңайландырылған сызбасын әзірлеу жұмыстары аудан әкімдігі тарапынан атқарылуда. Аталған жұмыс аяқталған жағдайда облыс бойынша барлық елді мекендердің бас жоспарлары облыстың Геопорталына 100% енгізілетін болады. Шу қаласы мен 10 аудан орталығына аэрофототүсірілім жүргізу бойынша: Басқармаға 2023 жылдың басында аэрофототүсірілім жұмыстарына қажетті қаражат қарастырылып, конкурс негізінде мердігер болып «КАЗГИСА»ЖШС анықталып, 2023ж 16-29 мамыр аралығында Жаңатас, Қаратау және Шу (Төле би ауылы) қалаларына аэрофототүсірілім жұмыстары жүргізілді. Заңнама талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінен камералдық қараудан өтіп, 04.09.2023ж №040 хатымен келісім алынды. Облыстың қалған 7 аудан орталықтарына, яғни Б.Момышұлы, Қордай, Мойынқұм, Меркі, Құлан, Аса, Сарыкемер ауылдарына ұшқышсыз ұшу аппараты аэрофототүсірілім жұмыстары 18.10.2023ж аяқталды. Қазіргі уақытта, 7 елді мекен бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне камералдық қараудан өтуде. ҚР 2021-2023 жылдарға арналған сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету Жол картасы бойынша: «ҚР 2021-2023 жылдарға арналған сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстың тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар кешені Жол картасына» сәйкес «Сейсмология институты» ЖШС-нің сметалық есебі бойынша Тараз қаласының сейсмикалық шағынаудандастыру 1: 10 000 – 50 000 масштабты картасын әзірлеуге 1,5 млрд.теңге қаражаттың республикалық бюджеттен (ҚР Төтенше жағдайлар министірлігі тарапынан) бөлінуі бойынша тиісті жұмыстар атқарсын (08.09.2023ж. №89 хаттаманың 3.2 т., мерзімі – 30.12.2023ж). Бүгінгі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі ұсынған ҚР Үкіметінің Қазақстан Республикасы сейсмологиялық саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді Қаулы жобасына келісім берілді. ҚР сейсмологиялық саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспар жобасында көзделген іс-шараларында Тараз қаласының аумағы үшін 1:10 000 - 50 000 масштабында сейсмикалық шағын аудандастыру (США) карталарының жиынтығын әзірлеу және Тараз қаласы 3 жылға бөлу 2025 ж – 415 771 106 мың.тг, 2026 ж- 537 415 163 мың.тг, 2027 ж 524 238 119 мың.тг қарастырылған. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі ұсынған ақпаратына сәйкес, ҚР Бюджет кодексінің» шығыстары жобасына «Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу» бағдарламасы енгізілді. Қазақстан Республикасы сейсмологиялық саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы іске асырылуын алдағы уақытта қамтамасыз етілетін болады. Облыс бойынша құрылыс салу шекарасы қызыл сызық нормасын бұзып құрылысы жүргізілген нысандар туралы: Тараз қаласы мен аудандардың бекітілген бас жоспар жобаларына сәйкес, құрылыс салу шекарасы «қызыл сызық» нормаларын бұзып құрылысы жүргізілген насындарға басқарма тарапынан жыл сайын мониторинг жұмыстарын жүргізіліп отырады. Бүгігі күнде, облыс бойынша 93 нысан (Тараз – 52; Байзақ – 6; Жамбыл – 2; Жуалы – 8; Қордай – 3; Меркі – 4; Сарысу – 5; Т. Рысқұлов – 7; Талас – 2; Шу - 4) анықталды. Бүгінгі күнге, 93 нысанның ішінен (Тараз қаласы - 6 нысан ; Байзақ - 6 нысан; Жамбыл - 1 нысан; Жуалы - 2 нысан; Қордай - 2 нысан; Меркі - 3 нысан; Сарысу - 5 нысан; Т. Рысқұлов – 1; Талас - 1 нысан және Шу - 3 нысан) аудандары тарапынан 30 нысанға шара қолданылған. 35 сауда дүңгіршектерінің құжаттары рәсімделген. Қалған, 28 нысанға, Тараз қаласы мен аудан әкімдіктері тарапынан ҚР заңдары талаптарының шеңберінде тиісті шаралар қабылдау жұмыстарын жүргізілуде. Үлестік құрылыстар туралы: Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылдың 30 мамырдағы №97 қаулысымен «Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесіне» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 7 сәуірдегі «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» №486-V ҚРЗ Заңының 6 бабына сәйкес, толықтырулар енгізілді. Бүгінгі күнде, Жамбыл облысы бойынша жеке қаржыландыру есебінен 21 көпқабатты тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Үлескерлердің ақшасын тарту мақсатында, «Hamilton park» ЖШС тарапынан жергілікті атқарушы органға өтініш түсіп, бір рұқсат құжаты берілді. Алайда, Тараз қаласы, Қапал көшесі №62/1 «Hamilton park» тұрғын үй құрылысы бойынша, бүгінде проблемалық мәселелер жоқ. Жеке және заңды тұлғалар өз қаражаты есебінен құрылыс нысанын салу барысында, «Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін алмай, әлеуметтік сайттарда көппәтерлі тұрғын үйлерді сату бойынша жарнамалау жұмыстарын жүргізген жағдайда, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 320 бабына сәйкес, сот органының шешімімен айыппұл салуға алып келеді. Осыған орай, келесі компанияларға Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 320 бабына сәйкес, Тараз қаласы, Жамбыл даңғылы №20/1 «Tulip Residence» тұрғын үй кешені бойынша «AYNA Group» ЖШС-не (1 035 000 тг), Тараз қаласы, С.Нұрмағанбетов көшесі №18 «Болашақ» тұрғын үй кешені бойынша «Saulet Alem» ЖШС-не (1 035 000 тг), Тараз қаласы, Қапал көшесі №62/1 «Hamilton park» тұрғын үй кешені бойынша «Hamilton park» ЖШС-не (724 500 тг) жалпы сомасы 2 794 000 тг айыппұл салынды. Қалған көпқабатты тұрғын үйлер бойынша, «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптары бұзылмаған. Ғибадат үйлеріне рұқсат құжатын беру туралы: Басқармадан діни қызметті алу бойынша ағымдағы жылдың 10 айында «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беруге 8 өтініш түсіп, оның ішінде 7 өтінішке шешім берілді. 1 өтінішке рұқсат құжатын беруге бас тартылды. Сонымен қатар, «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беруге 1 өтініш түсіп шешім берілді.