Жамбыл жаңалықтар

Сарысуда пәтер кезегінде тұрған азаматтарға пәтер алып беруге 3,2 млрд теңге бөлінген

Бұл қаражатқа 268 пәтерді сатып алынбақ

Сарысу ауданында пәтер кезегінде тұрған азаматтарға пәтер алып беруге 3,2 млрд теңге бөлінген, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Аудан әкімі Сәкен Мамытовтың сөзінше, Жаңатас қаласында тұрғын үй қорынан пәтерге мұқтаж азаматтар есебінде 1 721 адам тіркелген.

Сонымен қатар, бүгінгі күні 14 елді мекендегі 39 582 адамды табиғи газбен қамту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр екен.