Сенаторлар Байзақ ауданындағы әлеуметтік нысандармен танысты
Депутаттар бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуына, жылыту маусымына әзірлікке және құрылыс сапасына ерекше назар аударды.
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Бекболат Орынбеков пен Сәкен Арубаев жұмыс сапарымен Байзақ ауданында болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сенаторлар сапар барысында өңірдегі білім және мәдениет нысандарын, жылыту қазандықтарының жұмысын, ауызсу жүйесінің жай-күйін бақылап шықты. Сонымен қатар, халықтың осал тобына арналған 40 отбасыға салынған үйдің құрылысымен танысты.
Депутаттар бюджеттен бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуына, жылыту маусымына әзірлік деңгейіне және құрылыс жұмыстарының сапасына ерекше көңіл бөлді.