Жамбыл жаңалықтар

Шөлдала алабының тұрғындары үшін интернет сапасы жақсаратын болды

The final spritzer

Бұнда ұялы байланыс операторының үшінші мұнарасы орнатылды

Тараз қаласы Шөлдала алабында байланыс операторының үшінші мұнарасы іске қосылды. Бұл туралы облыстық мәслихаттың депутаты Оралхан Дәуіт Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Депутаттың айтуынша, аталған аудандағы үшінші мұнараны орнату үшін біраз жұмыс істеуге тура келген. Байланыс операторының өкілі мен депутат бірқатар мекемелердің басшыларына барып, мәселені оңынан шешуге көмектесуін өтінген.

Депутаттың айтуынша, тағы бір мұнараны маусым айында іске қосу жоспарда бар.