Жамбыл жаңалықтар

Шу қаласында заманауи спорт кешені ашылды

Аталған жоба “Қазақстан халқына” қоғамдық қорының қаржыландыруымен іске асырылған.

Салтанатты рәсімге облыс әкімі Ербол Қарашөкеев арнайы қатысып, аудан тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен құттықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Сонымен қатар бұқаралық спортты дамыту мемлекеттік саясаттың басты бағытының бірі екенін атап өтті.

Аталған жоба “Қазақстан халқына” қоғамдық қорының қаржыландыруымен іске асырылған. 

Жалпы құны 170 млн теңгеден асатын кешенде футбол, волейбол және баскетболмен жаттығу залы қамтылған.

Айта кетейік, бүгінде облысымызда дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын азаматтардың саны 514 мыңнан асып, тұрғындардың 44,8 пайызын құрап отыр.