Жамбыл жаңалықтар

Шу ауданында жаңа спорт нысаны ел игілігіне берілді

Салтанатты рәсімнен кейін нысан аумағына көшет отырғызылды

Бүгін Шу ауданындағы Бірлік ауылында жаңа спорт нысаны пайдалануға берілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Игі шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев пен “Қазақстан халқына” қоғамдық қорының басқарма төрайымы Ляззат Шыңғысбаева, сонымен қатар ауыл тұрғындары қатысты. 

Тұрғындарды жаңа нысанның ашылуымен құттықтаған аймақ басшысы заманауи ангар типтегі жаңа спорт нысанының ашылуы – өңіріміздің әлеуметтік дамуы жолындағы нақты нәтижелердің бірі екенін жеткізді.


Бұдан кейін «Қазақстан халқы» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Ляззат Шыңғысбаева сөз алып, жаңа модульді спорт зал моноқаланың барлық жас тұрғындары үшін спорт пен салауатты өмір салтын дамытатын орталыққа айналатынына сенім білдірді. Оның айтуынша, қоғамдық қор Әулиеата өңірінде жалпы құны – 12,6 миллиард теңгені құрайтын жобаларды жүзеге асырып жатыр. 
 

 

Мұнан соң жиналғандар нысанның ішін аралап, спортпен айналысушыларға қарастырылған мүмкіндіктермен танысты.

Салтанатты рәсімнен кейін нысан аумағына көшет отырғызылды.