Шуда отбасын қолдау шараларын цифрландыру бойынша семинар өтті
Жиынның мақсаты – әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға жылдам көмек көрсету механизмдерін жетілдіру
Шу ауданында отбасын қолдау шараларын цифрландыру бойынша семинар өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бүгін Шу ауданының Мәдениет үйінде «Анаға тағзым» отбасылық даму әлеуметтік орталығының директоры Эльмира Мырза-Ғали мамандармен бірге барып, FSM Social цифрлық платформасы бойынша арнайы оқыту өткізді.
Жиында жүйенің мүмкіндіктері таныстырылып, әлеуметтік қиындыққа тап болған отбасыларға дер кезінде көмек көрсету жолдары түсіндірілді. Қатысушылар платформаны қолдану тәртібімен танысып, нақты мысалдар арқылы практикалық дағдылар алды. Мамандар сұрақтарын қойып, өз ойлары мен ұсыныстарын бөлісті.
Жиынның мақсаты – әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға жылдам көмек көрсету механизмдерін жетілдіру және FSM Social жүйесін аудан көлемінде тиімді пайдалану болды.
Жиынға ауыл әкімдері, мектеп басшылары, ұстаздар қатысып, ортақ мақсат жолында пікір алмасып, тәжірибе бөлісті.