Шудағы «әлемге әйгілі» анаша алқабы екі есеге қысқарды
Бұған дейін алқап аумағы 138 мың гектар болған
Шу аумағындағы жабайы қарасора алқаптары 62 мың гектарға дейін, екі есе қысқарды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Полиция департаменті мәлім еткендей, Шудағы ауқымды алқаптар әлі бар. Осы орайда бақылау күшеймесе, азайған емес. Қазіргі таңда Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері келіп түскен ақпаратты зерделейді, есірткі дайындаушыларды анықтап, құрықтайды. Жыл сайын республика бойынша бес ай ішінде "Қарасора" ауқымды жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Ағымдағы жылы "Қарасора" кешенді іс-шарасы 1 маусымнан 30 қазанға дейінгі аралықта өткізіледі. Өңірде есірткі транзиті мүмкін болатын негізгі жолдарда орнатылған жылжымалы бекеттер құрылды.
Бүгінгі таңда қарасора өсімдік ретінде көптеген қолданыстарға ие: одан арқан жасау үшін талшықтар алады, киімге мата жасайды, тамақ дайындау және дәрі-дәрмек үшін май сығады. Алайда, ол көбінесе есірткі тұтыну мақсатындағы шикізат ретінде қолданылады. Олардың ең көп тарағандары - гашиш және марихуана.
Әдетте есірткі сатушылар оларды ешкім көрмейтін тәуліктің түнгі мезгілінде жұмыс істеуге тырысады. Күндіз олар жертөлелерде тұрады, маскировка жасап жасырынады. Түнде кәсіптеріне кіріскен шақта, полиция оларды сол жерде ұстайды.
Мұндағы қызметкерлер орналасқан ғимаратта жұмыс істеу және демалу, спортпен шұғылдану үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалған, яғни қызметтік үй-жайлар, кезекші бөлім, қару сақтауға арналған бөлмелер, кір жуатын бөлме, медициналық пункт, конференц-зал, асхана, душ бөлмесі және жатын бөлмелер бар.