Шымкент тұрғыны Тараздан машина айдап әкетіп, оны бөлшектеп сатып жіберген
Шымкент тұрғыны Тараздан машина айдап әкетіп, оны бөлшектеп сатып жіберген
Шымкенттік көлік айдап әкетушінің әрекетін жамбылдық тәртіп сақшылары әшкереледі. Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Тараз қаласының Полиция басқармасы жедел басқару орталығына 31 жастағы облыс орталығының тұрғыны автокөлік ұрланғаны туралы арыз түсіреді. «Тараз тұрғынының «ВАЗ-2114» автокөлігі түнде қаланың бір шағын аудандарының бірінде тұраққа қойылған, - деді құқық қорғау ведомствосынан. – Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 24 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, ұсталған. Күдікті қылмысын мойындап, ұрланған автокөлікті қосалқы бөлшектерге сатқанын айтып берді». Аталмыш факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабына сай соталды тергеу жүргізілуде, деп нақтылады Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.