Жамбыл жаңалықтар

Соғыс ардагерін құттықтады

Соғыс ардагерін құттықтады

Биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығы. Мерейтой құрметіне орай 

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/5 мекемесінің бастығы әділет подполковнигі Бақытжан Шарипбеков бастаған бірқатар офицерлер Ұлы Отан соғысының ардагері Касен Шамбаевтың шаңырағына арнайы барды. Жыл жүздесуде Бақытжан Зикенұлы ардагерді Жеңістің 77 жылдығымен арнайы құттықтап, ілтипат көрсетті. - Сіздер Жеңісті жақындату жолында жанқиярлық ерлік көрсеттіңіздер. Сіздің замандастарыңыздың осынау ерлігі бүгінгі ұрпаққа ұлағат. Бейбіт заманда ғұмыр кешуімізге себепкер болғандарыңыз үшін құрметіміз бөлек, ризашылығымыз шексіз, - деді Б.Шарипбеков. Майдангермен жүздесуде сұрапыл соғыста ерлік танытқан даңқты майдангердің ерлігін үлгі етіп, келешек ұрпақ бейбіт күнді ұлықтайтыны жөнінде де кеңінен айтылды. Құрметке бөленген ардагер ақ батасын беріп, алғысын білдірді.