Сотталған азаматтарға арналған ақпараттық-түсіндіру шарасы өтті
Шара соңында белсенділік танытқан сотталған азаматтарға марапаттар мен кітаптар табысталды.
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №58 мекемеде терроризм және экстремизм баптары бойынша сотталған азаматтарға арналған ақпараттық-түсіндіру шарасы өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Аталған кездесуге «Ақниет» қоғамдық қорының Шымкент қаласы бойынша жетекшісі, сондай-ақ дін саласындағы республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Дәлелхан Оспанов арнайы қатысып, жазасын өтеушілермен кездесу өткізді. Кездесу барысында деструктивті діни ағымдардың қоғамға тигізетін зияны, дәстүрлі құндылықтарды сақтау, сондай-ақ дұрыс діни түсінік қалыптастыру мәселелері кеңінен сөз болды.
Шара соңында белсенділік танытқан сотталған азаматтарға марапаттар мен кітаптар табысталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер жазасын өтеушілердің ой-санасын жаңғыртып, олардың қоғамға дұрыс бейімделуіне оң әсерін тигізеді.