Сотталған азаматтарға «Жау жүрек мың бала» көркем фильмі көрсетілді
Шараның мақсаты – сотталғандардың рухани-адамгершілік құндылықтарын арттыру
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №58 мекемесінде сотталған азаматтарға «Жау жүрек мың бала» көркем фильмі көрсетілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Шараның мақсаты – сотталғандардың рухани-адамгершілік құндылықтарын арттыру, патриоттық сезімдерін ояту және тарихи санасын қалыптастыру. Фильм барысында қатысушылар қазақ халқының батырлық тарихымен танысып, ел қорғаған ерлердің ерлігі туралы тағылымды ой түйді.
Мекеме әкімшілігі алдағы уақытта да осындай тәрбиелік маңызы бар мәдени іс-шараларды тұрақты түрде ұйымдастыруды жоспарлап отыр.