Жамбыл жаңалықтар

Студенттік құрылыс жасағын құру бойынша штабтың кезекті отырысы өтті

The final spritzer

Жиынға өңірдегі бірнеше ЖОО басшылығы мен мердігерлер қатысты

Жамбыл облысында Студенттік құрылыс жасағын құру бойынша арнайы штабтың кезекті отырысы өтті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Биыл аймақта «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында Студенттік құрылыс жасағын құру бастамасы қолға алынды. Бұл бойынша сәуір айының басында Серік Сәлемовтың төрағалығымен штаб отырысы өтіп, жауаптыларға аталған іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылуы үшін жұмысшы қауіпсіздігін сақтау, еңбек шартын даярлау, жұмыс күшін қабылдауға әзір мердігерлер қатарын арттыру сынды бірқатар міндет жүктелген.
Бүгінгі кезекті басқосуда осы тапсырмалардың орындалу барысы қаралды. Жиында «Ауыл» партиясы облыстық филиалының  аппарат басшысы Әйгерім Сәрсенбаева бір ай ішінде атқарылған жұмыстарды баяндады. 


Бүгінгі күні жастарға жұмыс ұсынып отырған «Авангард» ЖШС және «Ариас Строй Проект» ЖШС секілді компаниялар құрылыс жасақтарын арнайы формамен қамту мәселесін мойнына алған. Сонымен қатар 6 сағаттық жұмыс күні, түскі ас, күндігіне 8 мың теңге жалақы беруге міндеттелмек. Меморандумда көрсетілгендей, «Ауыл» партиясы облыстық филиалының өкілі мердігерлермен тиімді уағдаластыққа қол жеткізілгенін атап өтті.
Бұдан кейін құрылысшылар жасағының құрамын нақтылау мәселесі бойынша жиын қатысушыларының пікірі тыңдалды. 
Осы тұрғыда Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті ұйымдастыру мәселесін қолға алмағаны белгілі болды. Ал ТарУ басшылығы студенттерге күндігіне 8 мың теңге жалақы аздық ететінін айтты.
Өз кезегінде штабтық отырыстың төрағасы Серік Сәлемов әлеуметтік жобаны іске асыру бойынша жастар арасында насихаттау жұмысын жүйелі түрде жүргізу керектігін ескертіп, жалақы мәселесі жөнінде қосымша келіссөз жүргізу қажет екендігін жеткізді. 

Аталған бастаманың ашылу салтанаты 30 мамырға белгіленген. Оған дейін облыс әкімінің орынбасары жиында айтылған мәселелер шешілуі керектігін қатаң ескертті.