Су шаруашылығына серпін: Жамбыл облысына 51 арнайы техника жеткізілді
Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» РМК-ның Жамбыл облысындағы филиалына экскаватор-жүктегіштер, шынжыр табанды экскаваторлар, тракторлар, тіркемелер, су таситын көліктер, самосвалдар, автокрандар, тартқыштар, тіркемелі құрал-жабдықтар, дизельді генераторлар және басқа да техникаларды қоса алғанда, 51 жаңа арнайы техника берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Филиалға барлығы 75 техника бөлінген, қалған 24-і жыл соңына дейін жеткізіледі. Техника паркі толықтырылғанға дейін филиалда 64 жабдық болған.
Айта кетейік, қазіргі уақытта республика бойынша «Қазсушар» РМК-ның филиалдарын жаңа техникамен жабдықтау жалғасып жатыр. Бүгінге дейін кәсіпорын филиалдарына жоспарланған 757 арнайы техника мен көліктің 400-ден астамы жеткізілді.