Түзеу мекемесінде спорттық шара өтті
Аталған іс-шараларға белсенді қатысқан және де жүлделі орын алған сотталғандар граммоталармен марапатталды
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты 58 мемлекеттік мекемесінде Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы және 58-мекеменің сотталғандар арсында әлеуметтік психологиялық және тәрбие жұмысын ұйымдастыру бөлімінің жасақ бастықтарының ұйымдастыруымен спорттық іс-шара өткізілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Шараның басты мақсаты ҚР llМ 13.08.2014 жылгы «Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргiзу қағидасын бекіту туралы» № 508-бұйрығына сайкес тәрбие жұмысын жүзеге асырады.
Осы жұмыстардың бiрi сотталғандардың адамгершілік тәрбиесін, моральдык-этикалык түсінікті арттыру, және сотталғандардың салауатты өмір салттарын арттыру болып табылады. Атап айтқанда, қолкүрес, арқан тарту, гір тасын көтеру ойындары ұйымдастырылды. Аталған іс-шара сотталғандарға оң әсер тигiзгенi анық болды. Ұйымдастырылған спорттық iс-шаралар өз денгейiнде өткізілді. Аталған іс-шараларға белсенді қатысқан және де жүлделі орын алған сотталғандар граммоталармен марапатталынды.