Жамбыл жаңалықтар

Түзеу мекемесінде суицидтің алдын алу мақсатында іс-шара өтті

Сотталғандармен суицидті жағдайлардың алдын-алу мақсатында топтық түрінде сауалнама жүргізілді

ҚАЖД №58 түзеу мекемесінде суицидтің алдын алу мақсатында  сотталғандарға көмек көрсетілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

 Ағымдағы жылдың қыркүйек айында сотталғандар арасында суицидтік жағдайлардың алдын алу мақсатында ҚАЖ департаментіне қарасты  №67, №59 мекемесінің психологиялық қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп мекеменің сотталғандарының психоэмоциноналдық жай-күйіне бақылау жасалып, профилактикалық, психодиагностикалық  жұмыстар ұйымдастырылды.

Сотталғандармен суицидті жағдайлардың алдын-алу мақсатында топтық түрінде сауалнама жүргізілді. Сонымен қатар кейбір сотталған азаматтармен жеке психологиялық әңгімелесулер мен проективті әдістемелер қолданылды.

Аталған іс-шара сотталған азаматтардың суицидтік әрекеттерін зерттеуге бағытталған нақты қадамдардың бірі болып табылады.