Жамбыл жаңалықтар

Түзеу мекемесінде тақырыптық кинофильм көрсетілді

Іс-шараның негізгі мақсаты – тарихи жадыны сақтау

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №58 мекемесінде Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылған күніне орай сотталған азаматтарға арналған тақырыптық кинофильм көрсетілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz


Іс-шараның негізгі мақсаты – тарихи жадыны сақтау, жауынгер-интернационалистердің ерлігіне құрмет көрсету және патриоттық тәрбие беру.
Фильм көрсетілімі барысында қатысушылар Ауған соғысы кезеңіндегі тарихи оқиғалармен танысып, аталған күннің маңыздылығы жөнінде өзара пікір алмасты. Көрсетілім сотталғандардың тарихи танымын кеңейтіп, ел тарихындағы маңызды кезеңдерге деген құрмет сезімін арттыруға ықпал етті.
Мекеме тарапынан алдағы уақытта да тәрбиелік мәні зор мәдени-танымдық іс-шараларды ұйымдастыру жоспарлануда.