Жамбыл жаңалықтар

Түзеу мекемесіне телефон алып кірмек болған азамат ұсталды

Ұсталған күдікті 18 жастағы жасөспірім

ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5513 әскери бөлімі атқыштар батальонының жауынгерлері Тараз қаласы аумағында орналасқан түзету мекемелерін қырағылықпен күзетіп, тәртіпсіздік алдын алып жүр. Ұландық сарбаздар тыйым салынған заттарды лақтыру әрекеттерінің алдын алу шаралары мекемеде тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Түзету мекемелері қызметкерлері мен ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің үйлесімді әрекеті олардың мекеменің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жоғары кәсібилігі мен тиімділігін айқын көрсетіп отыр. 5513 әскери бөлімі атқыштар батальоныны жауынгерлері жақында тағы бір заңбұзушылыққа тосқауыл болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Тарқатып айтқанда 14.11.2024 жылы сағат 16:40 шамасында Р есімзі азамат 06.07.2006 ж.т. сотталған ағасы К.ге азық-түлік және керек жарақтарын беру үшін қысқа уақыттық кездесуге келеді. Облыс бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне №25 мекемесінің қызметкерлері және 5513 әскери бөлімі атқыштар батальоны 1 атқыштар ротасы бақылаушылар взводының бақылаушыларымен тінту жүргізу барысында азамат Р.атты азаматтың белдігінің астыңғы іш қуыс жағынан баланың жүргегіне оралған «ОРРО» маркалы 2 SIM- дік көк түсті жұмыс жасап тұрған ұялы телефон табылды. Онымен қоса картонға оралған жұмыс жасап тұрған «SAMSUNG» маркалы ұялы телефонын жасырып кірмек болғаны анықталады.

Сауалнама барысында сотталған К есімді азамаь тыйым салынған затқа тапсырыс беру фактісін жоққа шығарады. Әңгімелесу барысында ұсталған азамат тыйым салынған затты заңсыз алып өту әрекетін №25 мекемесінде жазасын өтеп жатқан ағасы өзі жоспарлағанын айтты.

Нәтижесінде ұялы телефонды тәркіленіп, жинақталған материалдар ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 481-бабының талаптарына сәйкес жоғарыда аталған тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы соттың қарауына жолданады. Заңсыз әрекет туралы прокуратура, облыстық полиция департаметі қызметкерлеріне хабарлады.