Жамбыл жаңалықтар

Талас ауданындағы тұрғындарды сан соқтырған алаяқ Түркістанда ұсталды

Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі мәлімдеді

Талас ауданындағы тұрғындарды сан соқтырған алаяқ Түркістанда ұсталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Жамбыл облысы прокуратурасының үйлестіруімен облыстық Полиция департаментінің қызметкерлерімен Түркістан облысының аумағында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша іздеуде жүрген «Д.Г.» есімді азаматша ұсталды.

Аталған азаматша Жамбыл облысының Талас ауданында жергілікті тұрғындарды алдау арқылы бірқатар мүліктік қылмыстар жасаған. Оның заңсыз әрекеттері салдарынан жәбірленушілерге 2 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірілген.