«Тараз» индустриялық аймағында 15 жобаны іске асыру жоспарлануда - Ербол Қарашөкеев
Осылайша индустриялық аймақта 1 300 жұмыс орны құрылмақ
«Тараз» индустриялық аймағында 15 жобаны іске асыру жоспарлануда. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан брифингте айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Облыс әкімінің сөзінше, «Тараз» индустриялық аймағының аумағында 1 300 жұмыс орны құрылады. Ол үшін 137 млрд теңгеге 15 жобаны іске асыру жоспарлануда.
Айта кетерлігі, кәсіпкерлермен инженерлік инфрақұрылымы жүргізілген жайлардың 30%-ы броньдалған. Аймақ басшысы өндірістік жайлар төмен бағамен ұзақ мерзімді жалға берілетінін айтты.