Тараз әкімдігі әлеуметтік желілер арқылы халықпен жедел байланыс орната алып отыр ма
Бұл мәселе Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте талқыланды
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте облыс орталығы тұрғындары мен әкімдік арасындағы кері байланыс бағытындағы жұмыстар барысы қаралды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Тараз қаласы әкімдігі Медиа-орталығының директоры Балнұр Бектұрғанова әкімдіктің әлеуметтік желілерінде тараздықтар тарапынан түсіп жатқан арыз-шағымдар туралы есеп берді.
Балнұр Бектұрғанованың айтуынша, әкімдікке қарасты бөлімдердің әлеуметтік желілердегі белсенділігіне талдау жасалған және тұрғындармен кері байланыс орнату бағытындағы жұмыстар жалғаса береді.
Бақытжан Орынбеков аталған бағыттағы атқарылатын жұмыстарды жоспарлы, жүйелі жүргізу қажет екенін айтып, нақты тапсырмалар берді.