Жамбыл жаңалықтар

Тараз-Шымкент тас жолы жабылды

Жамбыл облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілуде.

Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 2026 жылғы 25 ақпанда сағат 14:15-тен бастап Жамбыл облысының Жуалы ауданында ауа райының күрт нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Алматы–Термез–Ташкент» автожолының бір бөлігі уақытша жабылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қалың тұман түсіп, жолдағы көріну қашықтығының күрт төмендеуіне байланысты 534–593 шақырым аралығы (Айша бибі ауылы – Түркістан облысының шекарасы) барлық көлік түрлері үшін жабық деп жарияланды.

Аталған шешім жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған.

Мамандар жүргізушілерге алыс сапарға шықпауды, қауіпсіздік талаптарын сақтауды және ресми ақпарат көздеріндегі мәліметтерді қадағалап отыруды ескертеді.