Тараз тұрғындары жер сілкінісі кезінде неге сирена дауысын естіген жоқ?
Төтенше жағдайлар жөніндегі қалалық хабарлама жіберу жүйесі қандай жағдайда?
Шыны керек, қала тұрғындары облыстық төтенше жағдайлар департаменті оқу-жаттығу өткізген кезде де дабылды естімейді. Әлдеқандай жағдай болса бейхабар отыра береміз бе деп алаңдайды тұрғындардың көбі. Бұл мәселе әсіресе қаңтар айында Алматыда болған жер сілкінісінен кейін аса өзекті мәселеге айналды.
Jambylinfo.kz тілшісі сиреналар мен хабарлама тарату жүйелерімен жіті танысу үшін облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне хабарласты. Ведомство өкілдері Жамбыл облысының 371 елді мекенінде 119 сирена орнатылғанын, оның 39-ы Тараз қаласында екенін айтты.
«Сирена бар, дыбысы жоқ». Неге қаладағы дабыл жүйесі халыққа естілмейді?
Қаланың кейбір аудандарындағы сиреналар алыста болғандықтан, жақсы естіле бермейді. Төтенше жағдайлар департаменті Тараздың кей жерлерінде олар тіпті мүлде орындалмаған дейді.
Дауыс күшейткіш құралдары бар көліктер немесе әкімдік бұған қашан қаражат бөледі
Сиреналар мүлде жоқ жерлердегі жағдайды департамент өкілдері басқаша жолмен шешуге тырысып жатыр. Сирена орнатылмаған аймақтарда уәкілетті орган мен азаматтық қорғау қызметтерінің дауыстық құрылғылары бар көліктері хабар береді дейді олар.
Төтенше жағдайлар департаменті сиренаның тапшылығына қатысты мәселенің қаралып жатқанын, одан әрі жергілікті бюджеттен хабарлама тарату жүйесі үшін қаражат бөлінетінін жеткізді.
Сиреналар жұмыс істеп тұр - ТЖД
Соңғы рет Тараз қаласындағы сиреналар жарты ай бұрын тексеруден өтіп, Төтенше жағдайлар департаменті олардың ақаусыз жұмыс істеп тұрғанын айтқан.
ТЖ-дан кейін кім кінәлі болады
Сиреналар дер кезінде жұмыс істемесе, бар кінә төтенше жағдайлар департаменті, әкімдіктер мен сирена орнатқан ұйымның басшысына жүктеледі.
"Азаматтық қорғау туралы» Заңның 5-бабының 4-тармағына сәйкес, төтенше жағдайлар кезінде халықты тұрақты түрде хабардар ету жауапкершілігі төтенше жағдайлар департаментіне қарасты уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің құзырында. Бұл ретте, облыстық хабарлама тарату жүйесіне – жергілікті атқарушы органдардың басшылары, жергілікті хабарлама тарату жүйесіне – нысанды пайдаланатын ұйымның басшысы жауапты", - дейді ведомство өкілдері.
229 млн теңге бөлінді. Тағы қанша қажет?
2018 жылдан бергі бірнеше жыл ішінде әкімдіктер хабарлама тарату жүйесін орнату және жаңарту үшін 229 миллион теңге бөлгені белгілі болды.
С-40 және СРУ.
Төтенше жағдайлар департаменті Таразда С-40 және СРУ сирена түрлері (сиреналық қондырғылар) орнатылғанын хабарлады. Біз интернет желісі арқылы олардың техникалық сипаттамаларымен таныстық.
Sizod.kz сайтында 550 000 теңгеден сатылатын С-40 сиренасы «өндірістік цехтар мен ашық аспан астында қарапайым және тиімді ескерту құралы» деп жазылған.
- Бұл AИР электр қозғалтқышымен жұмыс істейтін ауа сорғысы. Бұл құрылғыларды қолымен және қашықтан басқару пульті арқылы да қосуға болады. Дыбыс ауа-райы мен құрылыс тығыздығына байланысты 300 м-ден 1 км-ге дейінгі қашықтыққа жетеді, деп хабарлайды сайт.
Ал СРУ фотосуретін көре алмадық. Бірақ www. чс-ник.kz сайтында біз СРУ-ның техникалық сипаттамаларын таптық.
Сиренаның қайда орналасқанын біліңіз
Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті аймақтағы барлық 39 хабарлама тарату жүйесінің (СРУ, С-40) орналасқан жер жайлы ақпаратпен бөлісті. Олар келесі мекенжайларда орналасқан:
1. Білім беру басқармасы
2. Тараз педагогикалық институты
3. №54 орта мектебі
4. №2 қалалық емхана
5. №5 қалалық емхана
6. Тараз жоғары политехникалық колледжі
7. №14 орта мектебі
8. №56 орта мектебі
9. №20 орта мектебі
10. №55 орта мектебі
11. №33 орта мектебі
12. №10 орта мектебі
13. №32 орта мектебі
14. №53 орта мектебі
15. АТС-43/45 (Тараз қ., Абай көшесі, 124)
16. "ТаразКожобувь" ЖШҚ (Тараз қ., Сыпатай-Батыр көшесі 2)
17. "Әулие-Ата" Халықаралық әуежайы
18. "Жамбыл оқыту комбинаты" ЖШҚ (Тараз қ., Пушкин көшесі 90)
19. № 12 Керімбай атындағы орта мектеп (Тараз қ., Төле-Би көшесі139)
20. № 36 орта мектеп (Тараз қ., Ақбұлақ 1-ші ықшам ауданы, 31)
21. «Казфосфат» ЖШС Тараз филиалы «Минералды тыңайтқыштар зауыты» (Тараз қ., Ниетқалиев көшесі 128)
22. № 29 Гагарин атындағы орта мектеп (Тараз қ., Пірманов көшесі 138)
23. "Ривал"ЖШҚ (Тараз қ., Жамбыл көшесі 162)
24. Батуров атындағы "ЖГРЭС" ЖШҚ (Тараз қ., Солнечная көшесі, 104 У)
25. «ҚТЖ» АҚ филиалы Жамбыл электрмен жабдықтау дистанциясы (Тараз қ., Тынышбаева к-сі, 20)
26. «АрайАгро-Өнімдері» ЖШС (Тараз қ., Байзақ-Батыра к-сі, 272)
27. «Тараз қант зауыты» ЖШС «ЦАСК» ЖШС филиалы (Тараз қ., Жауғаш-Батыра к-сі, 2)28. ЖЗМК АО "Имсталькон"(г. Тараз, ул.Толе Би, 178)
29. № 82 ДЭУ «Қазақавтодор» ЖОФ ЭҮП (Тараз қ., Тәуке-Хан к-сі, қ.)
30. «Автобекет-Тараз» ЖШС (Тараз қ., Жамбыл даңғылы, 1)
31. «ПОШ-Тараз фабрикасы» ЖШС (Тараз қ., Сыпатай батыр к-сі, 8)
33. №7 орта мектеп (Тараз қ.)
34. Жамбыл колледжі (Домалақ ана көш., 268)
35. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы (Төле би көшесі, 35).
36. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті. Ұстаз университеті (Жамбыл даңғылы, 16)
37. Алкоголь зауыты (Тараз қаласы, Жауғаш-Батыр көшесі No 3).
38. «Таразкоммаш» ЖШС (Тараз қ., Қапала к-сі, 62)
39. № 13 Тараз темір жол колледжі (Тараз қ., Абай көшесі, 278).