Тараз тұрғыны ең жақын досын атып өлтіріп алды
Полицияның болжамынша, оның қолындағы қару – Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған мылтық болуы мүмкін
Тараз қаласындағы пәтерлердің бірінде 28 жастағы азамат жақын досын Калашников қаруынан атып өлтіріп алды, деп хабарлайды jambylinfo.kz «КТК» телеарнасына сілтеме жасай отырып.
Баса айта кетерлігі, дереккөзге сүйенсек, қылмыс жасалған қару Қаңтар кезінде ұрланған мылтықтардың біреуі болуы мүмкін. Еске сала кетсек, Қаңтар оқиғасы кезінде қалалық департаменттен мыңнан аса қару ұрланған.