Жамбыл жаңалықтар

Тараз тұрғыны «қоңырау шалайыншы» деп сұрап алып, 300-ден астам телефонды ұрлаған

Тараз тұрғыны «қоңырау шалайыншы» деп сұрап алып, 300-ден астам телефонды ұрлаған

Жамбылдық полиция қызметкерлері бірқатар алаяқтық әрекет жасағаны үшін Тараз қаласының 32 жастағы тұрғынын ұстады. Интернет арқылы сауда жасаған петропавлдық 1 млн теңгеге жуық ақшасынан айырылды Алдын ала тергеу барысында оның жедел қоңырау шалу сылтауымен өтіп бара жатқан адамдардан ұялы телефон сұрағаны анықталды. Содан кейін ол белгісіз бағытта қашып кеткен. Осылайша, алаяқ үш жүзден астам смартфонды иемденген. Аталған деректерге Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. «Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жалғасуда»,-делінген облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.