Жамбыл жаңалықтар

Таразда 100 әже көшет екті

Шара "Таза Қазақстан" акциясының аясында өткен

Бүгін Тараздағы Ы. Дүкенұлы атындағы мәдениет үйінің жанында "Әуендер әлемі" аллеясында 100 әже немерелерімен бірге ағаш көшеттерін отырғызды, деп хабарлайды  jambylinfo.kz

Мәдениет үйі маңында барлығы 100 шынар егілді. Сонымен қатар, аумақ абаттандырылды. Ш. Мұртаза атындағы мектеп гимназиясының ардагер-педагогі, "Даналық мектебі" клубының төрағасы Сәуле Таңатарова экологиялық акцияға қатысушыларға алғысын айтты.