Таразда ағаш өңдейтін цехтан өрт шықты

Бүгін Тараздағы жер үйлердің жанында орналасқан цехтан өрт шықты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
ЭТөтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жеке тұрғын үйдің аумағында орналасқан ағаш өңдеу цехының шатыры өртенген.
“Өрт 09-05-те оқшауланып, 09-31-де жойылды. Өртті сөндіруге 16 қызметкер мен 5 техника жұмылдырылды”,-деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.