Жамбыл жаңалықтар

Таразда аналар кеңесі ұлттық тәрбие мәселесін талқылады

The final spritzer

Аталған іс-шараға облыстық «Аналар алқасы» кеңесі төрайымының орынбасары, қалалық «Аналар алқасы» кеңесінің төрайымы бастаған аналар қатысты

Шерхан Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығында аймақтың ақ жаулықты аналарымен кездесу өтті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Ұлттық салт-дәстүріміздің діңгегін қатайтып, тамырын тереңге жаю мақсатында Шерхан Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығында «Дәстүр және өнер» бөлімі ашылған.  

Жиында көтерілген меселе жетерлік. Соның ішіндегі өзектісі, ертегілердің балаға аз айтылуы. Қазіргі таңда ауыз әдебиетіміздегі мазмұны терең есті ертегілер шет қалып, шетел ертегілері төрге озды.

Одан бөлек, қазақтың жақсы қасиеттерінің бірі - қыз тәрбиесі де дәстүр шеңберінен шығып бара жатыр. Кешегі келелі кездесуде ұлтымызға тән тәрбиенің сақтап қалу үшін бұрынғы аналар мен жеңгелер мектебін қайта жаңғыртуды қолға алу мәселесі айтылды.

Айта кететіні, соңғы кездері қариялардың арасында бата беруден жарыстар жиі ұйымдастырылып жүр. Бұл әрине құптарлық іс. Алайда жастар  арасында дастархан қайырып бата беретін ер жігіттердің қарасы азайып бара жатқаны қынжылтады. Сол үшін батагөйлердің жарысын тек қариялар арасында емес, жеткіншектер арасында ұйымдастыру қажет екенін айтты.  

Мұндағы аналардың басым көпшілігі зейнеткер. Сондықтан жастармен кездесу ұйымдастыруға ыңғайлы ғимарат пен аналарды тасымалдайтын көліктің жоқтығы жұмысты бір жүйеге қоюға кедергісін келтіруде екен.

Асыл аналардың пікірін тыңдаған Шераға атындағы Руханият оталығының басшысы Жасұлан Әбдіхалық айтылған ұсыныстардың барлығын назарға алып, алдағы уақытта жастар тәрбиесінде бірлесе жұмыс жасауға шақырды. Аналардың ақылымен өнегелі сөздері қоғамға қажет екенін, сонымен қатар жоғарыда айтылғандай қандай да бір іс-шара ұйымдастыру қажет болса қолдайтынын және мекеменің есігі әрдайым ашық екені айтты.