Таразда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің республикалық форумы өтіп жатыр
Форумға аймақтар тіл саласының спикерлері келген
Форумның ашылу салтанатында Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы Лесбек Ілебаев сөз сөйлейді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Форумның модераторы, филология ғылымдарының докторы Шерубай Құрманбайұлы бұған дейін мұндай форум Петропавл, Қарағанды сынды қалаларда өткенін айта келе, бүгін форумның Жамбыл жерінде жалғасуына қолдау көрсеткен Жамбыл облысы әкімдігіне алғысын білдірді.
Ал облыс әкімі аппаратының басшысы Лесбек Ілебаев Жамбыл жерінде қазақ тілінің мерейі үстем екенін атап өтті.
Сондай-ақ, облыс әкімі аппаратының басшысы форум жұмысына сәттілік тіледі.
Еске салайық, республикалық форумға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Тіл саясаты комитет» өкілдері, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты, Ш.Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық-ғылыми практикалық орталығы, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы, тіл жанашылары мен ұстаздар қатысып жатыр.