Таразда бір мезетте 600 оқушы күй тартты
Домбырадан төгілген әуен – ұлт рухының асқақ үні.
Тараз қаласында орналасқан Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназия оқушылары Наурыз мерекесі қарсаңында “Dombyra Party” жобасы аясында ерекше челленджге қатысты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Киелі домбыраны серік еткен 600 өнерпаз бір мезгілде халыққа кеңінен танымал «Ерке сылқым» күйін орындап, ұлттық өнерге деген құрметтерін көрсетті. Күмбірлеген күй үні “Көне Тараз” тарихи-этномәдени кешенін әсем әуенге бөлеп, көрерменге ерекше әсер сыйлады.
Бір мезетте орындалған күй жас ұрпақтың бірлігін, ынтымағын және рухани байланысын айқын көрсетті.