Жамбыл жаңалықтар

Таразда бір отбасы мінген көлік шұңқырға құлап кетті

Жолды жөндеп жатқан мердігер ұйымға қатысты қылмыстық іс қозғалған

16 маусым күні сағат 17:50-де Таразда екі баласы бар отбасы мінген көлік жөндеу жүріп жатқан жолдағы шұңқырға құлап кетіп, зардап шекті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жүргізуші жол ережесін елемеген.

Көлік жүргізушісі жол белгілерін елемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны хабарланып отыр.