Таразда бірнеше шағын ауданға неге әлі ыстық су берілмей отыр
Бұған қала тұрғындары наразылық білдіріп жатыр
Тараздағы «Қарасу», «Қаратау» шағын аудандары мен «Қарасу» иінінің тұрғындары редакциямызға хабарласып, аталған аудандарда ыстық су әлі берілмей отырғанын айтқан. Бұл мәселеге орай jambylinfo.kz тілшісі «Жамбыл-жылу» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне хабарласып, мән-жайды анықтады.
Бұған дейін жазғанымыздай, Тараз қаласында М-1 магистаралының жылу желісінің жөнделуіне байланысты бір ай ыстық су тоқтатылған. Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил jambylinfo.kz тілшісіне берген сұхбатында 15-17 мамыр аралығында 890 көпқабатты тұрғын үйге ыстық су берілетінін, ал қалған 59 көпқабатты тұрғын үйге 3 кезең бойынша ыстық су күзге дейін қосылатынын айтқан еді. Қазір анықталғандай, ыстық су қосылған көпқабатты тұрғын үйлер «Тараз Энерго Орталық» АҚ қараса, ал «Қарасу», «Қаратау» шағын аудандары мен «Қарасу» иіні «Жамбыл-жылу» кәсіпорнына қарайтын болып шықты.
Жоғарыда айтылған мәселеге қатысты «Жамбыл-жылу» КММ басшысының орынбасары Бөріхан Ниязқұлов түсініктеме берді.