Жамбыл жаңалықтар

Таразда биыл жаңадан 75 аялдама салынды

Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есе көп

Биыл Тараз қаласында 75 аялдаманы тұрғындар игілігіне беру жоспарланған, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, биыл салынып жатқан аялдамалар саны өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Мәселен, былтыр 36 аялдама ел игілігіне берілсе, биыл 75 аялдама қала жұртына қызмет етеді.