Жамбыл жаңалықтар

Таразда дүкеннен 2 миллион теңгенің киімін ұрлаған әйел ұсталды

Таразда әйелдер киім дүкенінен бірнеше рет киім-кешек ұрлаған Жуалы ауданының тұрғыны қолға түсті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Полицияның дерегінше, баукеспе алдымен киімдерді ілгіштен шешіп алып, бейнекамераға түспейтін жерге қойған сөмкесіне ұрланған заттарды алып шыққан. Кейінірек Шымкент қаласындағы базарлардың біріне апарып сатқан.  
Дүкен иесіне жалпы сомасы 2 005 500 теңге көлемінде шығын келтірілген.