Жамбыл жаңалықтар

Таразда ер адам колония аумағына 8 телефон өткізбек болды

Ұсталған азамат тергеу-жедел тобына тапсырылды. Ол бұрын сотталған.

8 телефонды Тараздағы колонияның қоршауы арқылы өткізуге әрекет жасалды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлерімен бірлескен Ұлттық ұланның 5513 әскери бөлімінің әскери жасағы бұрын сотталған азаматты ұстады. Ол екі түйіншекті өткізуге әрекет жасаған. Тексеру кезінде түйіншектердің ішінде 8 телефон болғаны анықталды. Барлық тыйым салынған заттар тәркіленді. Ұсталған азамат тергеу-жедел тобына тапсырылды.

Айта кетейік, ҚР ІІМ Ұлттық ұланы түзеу мекемелеріне тыйым салынған заттарды жеткізу арналарын жабу бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда.