Таразда есірткіге қарсы би фестивалі өтті
Фестиваль нашақорлыққа қарсы күрес айлығының аясында өткен
Таразда нашақорлыққа қарсы күрес айлығы аясында “Есірткіге қарсы би!" ұранымен би фестивалі өтті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Фестивалге қатысқан 13 команда ұлттық, эстрадалық, заманауи би түрлерін қойған.
Бишілердің өнеріне "Жас дәурен" балалар хореографиялық ансамблінің балетмейстері Салтанат Тоғжігітова, "Riverdance" спорттық бал би ансамблінің көркемдік жетекшісі Инна Шкильная, спорттық бал билері бойынша халықаралық деңгейдегі төреші, "ANGIL" би-спорт клубының жетекшісі Серж Аванесовтер баға берген.
Фестиваль қорытындысы бойынша "Bronx", "Energy girls" командалары бас жүлдені жеңіп алса, өзге командаларға арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталды