Таразда есірткіні бұрыштарға қойып кетумен айналысқан 20 жасар жігіт ұсталды
Ол өзі тауар қалдырған мекенжайларды көрсеткен
Жамбыл облысында полицейлер есірткіні жасырын орынға қойып кетумен айналысқан ер адамның «жұмысын» тоқтатты. 20 жастағы күдікті салмағы 10,47 грамм болатын ірі көлемдегі «альфа PVP» психотроптық есірткі заттарымен ұсталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Құрықтау кезінде одан салмағы 4,6 грамм болатын «синтетикалық есірткінің» 10 бумасы табылды. Сондай-ақ күдіктінің тұрғылықты жеріне тінту жұмыстарын жүргізу барысында ас үйден және қоқыс салынған жәшіктен "альфа-PVP" психотроптық заты оралған zip-пакеттер табылды.
Жауап алу барысында ұсталған адам есірткіні қалдырған мекенжайларды көрсетті. Сонымен 12 жасырын орыннан 5,69 гр синтетикалық есірткі тәркіленді.
Ол «Telegram» мессенджеріндегі жетекшісінің нұсқаулары бойынша есірткі салынған бумаларды суретте көрсетілген орындарға барып алып отырған. Полицейлер қылмыстық әрекетке қатысы бар болуы мүмкін басқа тұлғаларды анықтау шараларын жүргізуде.