Таразда иісшіл ит күдіктінің үйінен бес келі есірткі тапты
Таразда иісшіл ит күдіктінің үйінен бес келі есірткі тапты
Таразда иісшіл ит күдіктінің үйінен бес келі есірткі тапты. Есірткінің заңсыз айналымына қатысты 77 қылмыс анықталды - «Дәрмек» операциясы Марихуанамен ұсталған Мақтаарал тұрғыны қылмысын жасыру үшін полицейге пара ұсынды Петропавл тұрғыны пәтерінде 20 түп марихуана өсірген Полиция ақтөбеліктің көлігі мен үйінен 7 келіге жуық марихуана тәркіледі «Қарасора-2021» іс-шарасының аясында облыстық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласында 48 жастағы тұрғынның үйін тексерді. Санкция берілген тінту барысында жалпы салмағы 5 келі 150 грамм кептірілгенмарихуана тәркіленді. Оны «Теа» атты қызметтік иісшіл ит тапты. «Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі яғни аса ірі мөлшерде есірткіні заңсыз сақтау бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Осы қылмысты жасағаны үшін 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделген»,- деді Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы А.Жұмабеков. Күдікті кінәсін мойындады. Ол Тараз қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.