Жамбыл жаңалықтар

Таразда «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешені мен Жамбыл даңғылы аралығындағы жол ашылды

Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді

Таразда «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешені мен Жамбыл даңғылы аралығындағы жол ашылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

 «Тараз қаласы Сыпатай батыр, Төле би, Тұрысов көшелерінің бойындағы М-1 жылу магистралін қайта жаңғырту» жұмыс жобасына сәйкес, қазіргі  таңда ТК-131-ден ТК-126-ға дейінгі, ТК-121 ден ТК-124-ке дейінгі, сонымен қатар ТК-114 пен «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешені (Жамбыл даңғылы мен Желтоқсан көшесінің аралығы, Әйтиев көшесі мен Абай даңғылы аралығы, Байтасов көшесі мен «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешені аралығы) аралықтарындағы құрылыс-монтаждау жұмыстары толығымен аяқталып, асфальт жабындысы қалпына келтірілді.

Бүгінгі таңда аталған жол пайдалануға берілді.

Қалған учаскелер бойынша жол жабындысын қалпына келтіруге дайындық жұмыстары жүргізілуде.