Таразда көшелер бір айға жабылады
Бұл аралықта көшелерде жөндеу жұмыстары жүреді
Облыс орталығындағы Сыпатай батыр көшесі, Төле би даңғылы, Қ.Тұрысов көшелерінде М-1 жылу желісін қайта жаңғырту жұмыстарына байланысты жол қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отырғандай, 2024 жылдың 17 мамыры, сағат 20:00-ден бастап «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінен бастап Төле би, 20Б ғимаратына дейінгі аралықтағы бөліктің бір жолағы толығымен және бір жолағының бір бөлігі 1 уақытқа жабылады. Жолда барлық көлік қозғалысына тыйым салынады.