Жамбыл жаңалықтар

Таразда мекеме қызметкерлері тазалық жұмыстарын жүргізді

Сенбілік — бұл ұжымдық рухты, бірегейлікті, ауызбіршілікті көрсететін керемет шара.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №58 мекемесінің ұжымы жаппай сенбілікке шықты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

 

Мекеме қызметкерлері бір кісідей жұмылып, ішкі санитарлық жағдайын арттырумен қатар, сыртқы аулаларды түгелдей тазартып шықты. Қыздар әктеу, тазалау секілді жұмыстармен айналысса, ерлер сыпыру, мекеме аумағын қоқыстан тазарту, ағаш отырғызатын орындарды әзірлеу сынды бірлескен жұмыстарды атқарды.

 

Сенбілік — тазалық кепілі. Осындай тазалық жұмыстарын жүргізу мекеме қызметкерлерінің назарынан тыс қалған емес. Апта сайын ұжым болып сенбілікке атсалысып келеміз.