Таразда қоғамдық көліктер қатынайтын жаңа бағыт ашылды
Сонымен қатар автобус паркі 10 бірлікке артты
Тараз қаласында №31 жаңа маршрут ашылып, қалалық қоғамдық көлік паркі 10 жаңа «Golden Dragon» автобустармен толықты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Автобустар төмен еденді, пандустармен, камераларымен және кондиционермен жабдықталған.
Жаңа маршрут Ақбұлым алқабынан Минералды тыңайтқыштар зауытына дейін, қашықтығы 23,5 шақырым, жүру жиілігі – 13 минут.