Жамбыл жаңалықтар

Таразда полицей суға кеткен балаға 10 минут бойы массаж жасап, сәбиді ажалдан құтқарды (ВИДЕО)

Айша бибі көшесінің бойында мектеп жанындағы ағып жатқан каналға 2 жасар бала құлап кеткен

Тараз қаласында Боран-3 автоэкипажы өзіне бекітілген аумақты патрульдеп жүрген. Сол сәтте рация бойынша кезекшіден шұғыл шақырту түсіп, Айша бибі көшесінің бойында мектеп жанындағы ағып жатқан каналға 2 жасар бала құлап кеткені туралы ақпарат жеткен, деп жазады jambylinfo.kz. 

Полиция бірнеше минут ішінде шақырту орнына келген. Ол кезде өтіп бара жатқан бір адам баланы ес-түссіз күйде судан шығарып алған. Жедел медициналық көмек бригадасы келгенше, полиция қызметкері 10 минут бойы жүрек-өкпе реанимациясын жүргізген. 

Бала облыстық балалар ауруханасында, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.