Жамбыл жаңалықтар

Таразда сенбілік аясында "Жеңіс" саябағына 300 көшет отырғызылды

Бүгін Таразда қала әкімі Бақытжан Орынбековтың қатысуымен Бауыржан Момышұлы атындағы " Жеңіс" саябағына ағаш көшеттері отырғызылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

 Қаладағы сенбілік аясында " Жеңіс" саябағына 1260 түп көшет егіледі деп жоспарланған. Оның 300 түбі бүгін отырғызылды. Сенбілікке қала тұрғындары , мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері белсенді атсалысып жатыр. Шаһар басшысы Бақытжан Орынбековтың сөзінше, биыл қаланы көгеріштендіру үшін Тараз қаласының  аумағына 40 мың түп тал-дарақ отырғызылады .