Жамбыл жаңалықтар

Таразда сотталғандар арасында Ұлттық киім күні аталып өтті

Аталған іс-шара сотталғандардың рухани дамуына оң әсерін тигізіп, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге бағытталды.

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №58 мекемесінде Ұлттық киім күніне орай сотталған азаматтардың қатысуымен танымдық іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Іс-шараның мақсаты – қазақ халқының ұлттық құндылықтарын насихаттау, дәстүрлі киімдердің тарихы мен маңызын түсіндіру, сондай-ақ сотталғандардың мәдениетке деген қызығушылығын арттыру.

Шара барысында қатысушыларға ұлттық киімдердің түрлері, олардың ерекшеліктері мен әрбір ою-өрнектің мән-мағынасы туралы мәліметтер берілді. Сонымен қатар, ұлттық киімдердің тәрбиелік маңызы кеңінен түсіндіріліп, қатысушылар өз ойларымен бөлісті.

Іс-шара соңында белсенділік танытқан сотталған азаматтар марапатталып, мұндай мәдени бағыттағы шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатыны атап өтілді.