Жамбыл жаңалықтар

Таразда су жаңа 31 автобус халық игілігіне берілді

Тараз қаласында қоғамдық көлікке қатысты мәселе біртіндеп шешіліп келеді.  Бүгін қалада 31 автобус пайдалануға берілді. Шараға Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков арнайы қатысып, автобус кілттерін салтанатты түрде табыстады, деп жазады jambylinfo.kz.

Шаһар басшысы Бақытжан Орынбековтың айтуынша, 31 автобус 1 миллиард теңгеге сатып алынған. Әр автобустың бағасы 35-40 миллион теңге.


Сонымен қатар, қала басшысы тұрғындарды қоғамдық көлікпен толық қамтамасыз ету мақсатында 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленгенін және соған сәйкес, биыл қалаға 70 бірлік автобус жеткізу жоспарланып отырғанын айтты.